Жұмыс берушілердің назарына
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 23-бабы, 2 тармағының 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер жұмыскерлермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы, оған енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы ақпараттарды еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕАБЖ) енгізуге міндеттілген. Сондықтан, барлық жұмыс берушілерге еңбек шарттарының электронды нұсқаға ауысуын (www.enbek.kz) қамтамасыз етуге ерекше назар аударуын сұраймыз.
«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар
- Жалпы ережелер
- Осы Әдістемелік ұсынымдар жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында «Еңбек жолы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.
- «Еңбек жолы» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізудің мақсаты:
1) Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
- Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері Конкурсқа қатыса алады. Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат барлық бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылуға тиіс.
- Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті» –еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп, ең көп санды әулет таңдалады.
Ескертпе
Конкурсқа меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.
Еңбек әулеті – бір ұймның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.
2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» -жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Әр номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін келесі сомалар ақшалай сертификаттар беріледі:
- 1 орын – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
- 2 орын – 500 000 (бесжүз мың) теңге;
- 3 орын – 200 000 (екіжүз мың) теңге.
- Конкурс 2 кезеңде өтеді:
- Облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу:
ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ конкурсқа қатысушылардың арасынан «Еңбек жолы» Конкурсының ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;
- Республикалық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын іріктеу:
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯ конкурстың өңірлік деңгейінің жеңімпаздарының арасынан «Еңбек жолы» Конкурсының ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;
Республикалық комиссия «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінің әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) жеңімпаздарды анықтайды.
- Салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы өтетін күні Астана қаласында өтеді.
- Конкурстық комиссия
- Конкурс жеңімпаздарын іріктеу үшін жергілікті атқарушы органдардың жанындағы конкурстық комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлгінің жанындағы комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрылады. Республикалық комиссияның құжаттарды қарау және Республикалық конкурстың кезеңдерін өткізу үшін сырттан сарапшыларды тартуға құқығы бар.
- Конкурс жеңімпаздарын таңдау критерийлері осы әдістемелік ұсынымдарға қосымшада көрсетілген.
- Республикалық комиссия Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кызметкерлерінен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша), республикалық мемлекеттік мекемелердің, республикалық кәсіподақтар бірлестіктерінің (келісім бойынша), республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің (келісім бойынша) өкілдерінен тұруға тиіс.
Өңірлік комиссия облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлерінен, сондай-ақ аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің (келісім бойынша) және өңірлік кәсіпкерлер палатасының (келісім бойынша) өкілдерінен тұруға тиіс. Республикалық және Өңірлік комиссияның құрамынан Төраға және хатшы сайланады.
- Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды және жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия шешім қабылдаған кезде даулы мәселелер туындаған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
- Хатшы Комиссияның шешімдер қабылдауына қатысады және комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетеді:
1) конкурсанттардың құжаттарын қабылдайды;
2) комиссия отырыстарын ұйымдастырады;
3) комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға материалдар қалыптастырады;
4) жеңімпаздарға материалдарды Республикалық комиссияға жібереді.
- Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
- Конкурсқа қатысу өтінімін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариаланған сәттен бастап ұсынуға болады.
- Конкурс қатысушыларына осы әдістемелік ұсынымдардың 15-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама берілуі мүмкін.
- Өңірлік және республикалық конкурсқа ұсынылатын құжаттар
- Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.
Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволықнаградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардыңкөшірмелері;
біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
_________________________
«Еңбек жолы»
конкурсын өткізу жөніндегі әдестемелік ұсынымдарға қосымша
«Еңбек жолы» конкурсы бойынша жеңімпаздарды іріктеу критерийлері
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:
- әулеттің барлық өкілдері алған мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, сондай-ақ мадақтау қағаздарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің алғыс хаттарының саны;
2.әулет өкілдері болып табылатын отбасы мүшелерінің және туған-туысқандарының жалпы саны;
3.еңбек әулетінің әулет басшысының еңбек қызметі басталған күннен бастап Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін құжаттар пакетін ұсынған күнге дейінгі кәсіптегі жалпы еңбек өтілі.
«Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша:
- Өз кәсіби дағдыларының дамуына қосқан үлесі;
- Өз жұмысына деген адалдығы;
- Ұйымдастырушылық және комуникациялық дағдыларының болуы;
- Еңбегі үшін бірнеше реттік көтермелеулерінің болуы (дипломдар, мадақтау қағаздары, алғыстар);
- Бастамашыл ұсыныстарының болуы;
- Кәсіби қызметтен тыс шығармашылық қызығушылығының болуы;
- Білім деңгейі, оны көтеруге талпынысы;
- Жұмыс орнындағы жеке жетістіктері;
- Өз жұмысын атқару сапасы.
Комиссия жоғарыда көрсетілген критерийлер талаптары сақталмаған жағдайда ұсынылған материалдарды қайтара алады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2018"
республикалық конкурсына қатысыңыздар.
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдің барлық кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2018» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.
Конкурс мемлекет Басшысының бастамасы бойынша 2008 жылдан бері өткізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсын өткізудің ережелері» бекітілді. Бұл конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады. Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3)Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Үміткерлерге конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Конкурс екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық деңгейде. Үміткерлердің өтінімдері жергілікті уәкілетті орган қағаз және электронды тасығышта қабылдайды. Өтінімдерді қарастыру облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақтық комиссиясының қорытындысы бойынша құжаттар республикалық комиссиясына жолданылады.
Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:
"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".
Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
"Үздік ұжымдық шарт".
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
"Экологияға қосқан үлесі үшін".
Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.
Конкурсқа катысу үшін үміткерлер материалдарды екі данада жолдайды:
1) өтінім;
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;
Үміткердің есебінде:
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 1 қыркүйегіне дейін.
Конкурс туралы толық ақпаратты www.enbek.gov.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтынан, немесе Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде: Ақсай қаласы, Абай даңғылы,3/1 үй, 103 бөлме, байланыс телефоны 41-2-40, 41-2-41; эл. мекенжайы:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
№ исх: 2068 от: 02.04.2018 |
Хабарлама
(Жұмыс берушінің жұмыскерлермен еңбек шартын жасау және жұмысшыларға әлеуметтік және салық төлемдерін аудару міндеттері бойынша)
Жұмыс берушінің жұмыскерлермен еңбек шартын жасау кезіндегі міндеттері.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші:
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
- жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.
Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.
Жұмыс берушінің азаматтарды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберугені үшін әкімшілік жауапкершілігі:
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 86 бабы 1 тармағы:
- лауазымды адамдарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл (72150 теңге);
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 60 АЕК мөлшерінде (144300 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде (240500 теңге);
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 150 АЕК мөлшерінде (360750 теңге);
86 баптың 2 тармағы: Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік):
- лауазымды адамдарға 60 АЕК мөлшерінде айыппұл (144300 теңге);
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 80 АЕК мөлшерінде (192400 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде (240500 теңге);
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 200 АЕК мөлшерінде (481000 теңге);
Жұмыс берушінің ай сайынғы әлеуметтік және салық төлемдерін аудару кезіндегі міндеттері:
№1 мысал: жұмыскердің 30 000 теңге айлық ақы кезінде:
- Айсайынғы міндетті зейнетақы жарналары (10%) 3000 теңге;
- Әлеуметтік аударымдар 1050 теңге;
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары - (1,5%) 450 теңге;
- Жеке табыс салығы – 0 теңге.
№2 мысал: жұмыскердің 40 000 теңге айлық ақы кезінде:
- Айсайынғы міндетті зейнетақы жарналары (10%) 4000 теңге;
- Әлеуметтік аударымдар 1400 теңге;
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары - (1,5%) 600 теңге;
- Жеке табыс салығы – 772 теңге.
№3 мысал: жұмыскердің 50 000 теңге айлық ақы кезінде:
- Айсайынғы міндетті зейнетақы жарналары (10%) 5000 теңге;
- Әлеуметтік аударымдар 1575 теңге;
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары - (1,5%) 750 теңге;
- Жеке табыс салығы – 1672 теңге.
Қызметкерлерге міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу, аудару және есептеу тәртібі:
Жұмыс беруші қызметкерлерге төленетін айсайынғы табысынан міндетті зейнетақы жарналарын есептеп ұстап қалады және БЖЗҚ табысын төлеу айынан кейінгі айдың 25 – нен кешіктірмей аударылады.
Міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері алатын табысының 10 пайызын құрайды, ал ең төменгі жалақы мөлшерінің кемінде 10 пайызы (28284 теңге * 10% 2828 теңге).
Міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған, уақытылы және (немесе) толық есептемегені үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 91-бабы 5-тармағының 5-тармақшасында ескерту қарастырылған. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар үшiн - аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының жиырма пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қызметкерлерге әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару тәртібі.
Жұмыс берушілер орындаған жұмыстары, көрсеткен қызметтерi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстарынан айсайын есепті айдын 25 күннен кейінгі кешіктірмей 3,5% мөлшерінде әлеуметтiк аударымдарды төлейді.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 92 бабы 2 тармағы 2 тармақшысына сәйкес әлеуметтiк аударымдарды төлемеу (аудармау), уақтылы және (немесе) толық төлемеу (аудармау) ескерту көрсетілген.
Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер:
- жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы (МӘМС). ОСМС-де жұмыс берушілерді аудару мөлшерлемесі 2018-2019 жылдары төленетің жалақынан 1,5%, 2020 жылдан бастап - 2% құрайды.
Еңбек заңнамасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 188, тел. 50-04-86, 24-23-76, ресми сайт - enbek-bko.gov.kz) хабарласуыңыз қажет.
Егерде, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлемдер уақтылы немесе мүлдем жүргізілмеген жағдайда, Сіз аудандық (қалалық) мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуыңыз қажет.