Әлеуметтік қамтамасыз ету және халықтың мәртебесін формализациялау жүйесіндегі өзгерістерді түсіндіру тобы Бөрлі ауданына келіп, кәсіпкерлерімен, мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорын басшыларымен кездесті.
Жиында аудан әкімінің орынбасары жаңабай Қаналин төрағалық етіп, «БЖЗҚ» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Г. Рашева, «БЖЗҚ» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің бастығы Ә. Кожумова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – “Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы” департаменті Бөрлі аудандық бөлімшесінің басшысы С.Ермекқалиевалар сөз алып, зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістерді айтып берді.