«БАЛАҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛА» БАСТАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША БӨРЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
ҚР БЖҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Бөрлі ауданы әкімдігінің арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға 1-қосымша
«Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру бойынша Бөрлі ауданы әкімдігінің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже
- 1.Жалпы ережелер
- Бөрлі ауданы әкімдігінің жанындағы Үйлестіруші кеңес (бұдан әрі – Кеңес) «Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру бойынша қоғамдық негізде жұмыс жасайтын қосымша кеңесші орган болып табылады.
- Кеңес өз қызметін Бала құқықтары туралы конвенцияға, Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР Заңына, осы Ережеге, балалардың құқықтарын қорғау мен олардың әл-ауқаты саласындағы өзге де республикалық және өңірлік нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
- Өз қызметінде Кеңес адам мен азаматтың, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, гендерлік теңдікке қол жеткізу, отбасын нығайту, өз өңірінде демографиялық өсімді көтермелеу және ынталандыру, инклюзивті қоғамды дамыту қажеттігін басшылыққа алады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ МЕН АҚСАЙ ҚАЛАСЫ БӨРЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
Кіріспе
1994 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялаған 1989 жылғы Бала құқықтары туралы конвенцияның; 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің, 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің, 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР Заңының; 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңының ережелеріне және басқа балалар құқықтарын қорғау мен олардың әл-ауқаты саласындағы ұлттық және өңірлік нормативтік-құқықтық актілер мен бағдарламаларға сүйене отырып;