Біз алтын жүректі адамдарды іздейміз және марапаттаймыз!
Қазақстан Республикасындағы бұрын соңды болмаған қайырымдылық саласындағы «Алтын жүрек» сыйлығы «алтын жүректі» адамдарды іздейді және марапаттайды.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау 2017 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Мейірімді жандарды табуға әрбір адам көмектесе
алады. Сыйлыққа лайықты адамдарды таңдаудағы басты критерий – қайырымдылықты дамытуда сөзбен ғана емес, ісімен қолдап отырған жандар; басқа
адамдарға көмек беру үшін өз уақытын, қаражатын аямай, керек болған жағдайда өмірін де сыйлаған адам болуы.
Сондықтан, егерде Сіз жетім балаларға, балалар үйлері мен интернаттарына қайтарымсыз көмек көрсететін, білімнің, спорттың, мәдениеттің дамуына қолдау
көрсетіп отырған жандарды білсеңіз, олар туралы ақпаратты конкурстың мекен-жайына жолдаңыз. Конкурсқа қатысу өтінішін www.altynzhurek.kzсайтынан ала
аласыз. Және де оны 8(727) 315 15 11 телефонына хабарласып немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды адреске жолдай аласыз.
Ең таңдаулылар «Алтын жүрек» статуэткасымен 2017 жылы 27 қазанда салтанатты түрде марапатталады.
«Алтын жүрек» сыйлығының ұйымдастыру комитеті.