«БҚО Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
0
Мақсат пен міндеттері

Қазақстанның  дамуының  негізгі бағыттарынын біруі  болып табылатын   қазіргі  әлеуметтік саясаттың  басты назарында халықтын әлжуаз топтарына әлеуметтік қолдау бойынша  мақсатты шаралар алу.

Бөлімнің қызметінің негізгі мақсаттары : Батыс Қазақстан  облысы  Бөрлі ауданы  аумағында  әлеуметтік-еңбекті  саласындағы  бірыңғай  мемлекеттік саясатты  жүзеге асыру,  еңбекпен қамтудың және әлеуметтік  бағдарламаларын  үйлестіру   болып табылады.

Бөлімнің басты міндеттері:

  • Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын, зейнетақы реформаларын жүзеге асыру, олардың орындалуың үйлестіру-әдістемелікпен қамтамасыз ету;
  • Кедейліктің   деңгейін төмендету, тұрғындардың өмір сүру жағдайының деңгейін және табысын көтеру жөніндегі шалаларды жүзеге асыру, еңбекақысын төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру;
  • Еңбек, халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағытындағы мемлекеттік стратегияларды жүзеге асыру, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану;
  • Тұрғындарды атаулы әлеуметтік қорғау, отбасын, ананы, баланы, мүгедектерді және олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ басқа да әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарды қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
  • Әлеуметтік серіктестік негізінде ұжымдық еңбек қатынастарын реттеу;
  • Әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі заңнаманын сақталуын бақылау.