Жадынама
Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары мен қонақтары!!!
Бөрлі ауданының прокуратурасы ескертеді:
Алаяқтық -Бөрлі ауданында жиі жасалатын қылмыстардың бірі, олардың
саны ағымдағы жылдың 9 айында 21.1%-ға (60-тан 73-ке дейін) өсті. Олардың ішінде ең көп таралғаны интернет-алаяқтық болып табылады, олардың өсуі 67.6% -ды құрады ( 34-тен 57 фактіге дейін).
Себептері: халықтың сенімі мен құқықтық сауатсыздығы.
Ең жиі кездесетін әдістер:
1) азаматтарға ұялы телефон арқылы қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырады және банктік шотты бұзу әрекеті туралы
хабарлайды, содан кейін ақшаны алаяқтық ұсынған резервтік шотқа сақтау үшін аударуды ұсынады. Нәтижесінде ақша қылмыскерлерге түседі.
2) азаматтарға ұялы телефон арқылы қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырады және белгісіз тұлғаның несие қарызын заңсыз алу әрекеті туралы хабарлайды, содан кейін олар онлайн несие беруді және ақшаны алаяқтық жасаған банктің шотына аударуды ұсынады, оны өтеу үшін.
3) азаматтар қандай да бір тауарды OLX және басқа сайттарда сатуға хабарлама жүктеген кезде, оған қылмыскер қоңырау шалып, одан тауар сатып алғысы келетінін, сол үшін банк картасының деректері мен паролін хабарлау қажеттігі ұсынылады, кейін «жеткізу» сілтемесі бойынша жөнелтуді ресімдеуді ұсынады. Нәтижесінде азаматтың қаражаты заңсыз есептен шығарылады.
4) қылмыскер OLX сайттарында және басқа да тауарларды төмендетілген бағамен орналастырады. Азаматтар сол хабарламаға қызығушылық танытады, ал қылмыскер тауарды жіберуге уәде беріп, ұсынылған шотқа ақша аудару арқылы толық немесе ішінара төлеуді ұсынады. Нәтижесінде тауар да, ақша да жоқ.
5) әр түрлі мессенджерлерде ( вацап, Инстаграм) қылмыскер қысқа мерзімде
жоғары пайыздық сыйақыға ақша қаражатын айналдыруды ұсынады. Азамат
тар өз қаражатын ұсынылған шотқа аударады, содан кейін қылмыскердің телефондары өшіріледі.
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
-өзіңіздің дербес деректеріңізді, банк карталарының деректемелерін, кодтар мен код сөздерін, ешкімге тіпті банк қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға хабарлауға болмайды;
-жеке деректерді белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге ұсынбаңыз;
-тексерусіз тауар үшін алдын ала төлем жүргізуге, күмәнді мәмілелер
бойынша ақша аударуға болмайды;
-смартфонға немесе компьютерге функционалдығы сізге белгісіз қосымшаларды орнатудың қажеті жоқ;
-ешқандай жағдайда Сізге төлем жасау үшін немесе белгісіз контактілерден немесе спам-жіберілімдерде бар деп болжанған сілтемелерге өтпеңіз.
Есіңізде болсын:
Өзіңізді осындай қылмыстардан қорғау өте қарапайым. Ең алдымен, өте сақ болу керек!
Хабарлама
(Жұмыс берушінің жұмыскерлермен еңбек шартын жасау және жұмысшыларға әлеуметтік және салық төлемдерін аудару міндеттері бойынша)
Жұмыс берушінің жұмыскерлермен еңбек шартын жасау кезіндегі міндеттері.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші:
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
- жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.
Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.
Жұмыс берушінің азаматтарды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберугені үшін әкімшілік жауапкершілігі:
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 86 бабы 1 тармағы:
- лауазымды адамдарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл (72150 теңге);
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 60 АЕК мөлшерінде (144300 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде (240500 теңге);
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 150 АЕК мөлшерінде (360750 теңге);
86 баптың 2 тармағы: Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік):
- лауазымды адамдарға 60 АЕК мөлшерінде айыппұл (144300 теңге);
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 80 АЕК мөлшерінде (192400 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде (240500 теңге);
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 200 АЕК мөлшерінде (481000 теңге);
Жұмыс берушінің ай сайынғы әлеуметтік және салық төлемдерін аудару кезіндегі міндеттері:
№1 мысал: жұмыскердің 30 000 теңге айлық ақы кезінде:
- Айсайынғы міндетті зейнетақы жарналары (10%) 3000 теңге;
- Әлеуметтік аударымдар 1050 теңге;
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары - (1,5%) 450 теңге;
- Жеке табыс салығы – 0 теңге.
№2 мысал: жұмыскердің 40 000 теңге айлық ақы кезінде:
- Айсайынғы міндетті зейнетақы жарналары (10%) 4000 теңге;
- Әлеуметтік аударымдар 1400 теңге;
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары - (1,5%) 600 теңге;
- Жеке табыс салығы – 772 теңге.
№3 мысал: жұмыскердің 50 000 теңге айлық ақы кезінде:
- Айсайынғы міндетті зейнетақы жарналары (10%) 5000 теңге;
- Әлеуметтік аударымдар 1575 теңге;
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары - (1,5%) 750 теңге;
- Жеке табыс салығы – 1672 теңге.
Қызметкерлерге міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу, аудару және есептеу тәртібі:
Жұмыс беруші қызметкерлерге төленетін айсайынғы табысынан міндетті зейнетақы жарналарын есептеп ұстап қалады және БЖЗҚ табысын төлеу айынан кейінгі айдың 25 – нен кешіктірмей аударылады.
Міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері алатын табысының 10 пайызын құрайды, ал ең төменгі жалақы мөлшерінің кемінде 10 пайызы (28284 теңге * 10% 2828 теңге).
Міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған, уақытылы және (немесе) толық есептемегені үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 91-бабы 5-тармағының 5-тармақшасында ескерту қарастырылған.
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар үшiн - аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының жиырма пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қызметкерлерге әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару тәртібі.
Жұмыс берушілер орындаған жұмыстары, көрсеткен қызметтерi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстарынан айсайын есепті айдын 25 күннен кейінгі кешіктірмей 3,5% мөлшерінде әлеуметтiк аударымдарды төлейді.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 92 бабы 2 тармағы 2 тармақшысына сәйкес әлеуметтiк аударымдарды төлемеу (аудармау), уақтылы және (немесе) толық төлемеу (аудармау) ескерту көрсетілген.
Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер:
- жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы (МӘМС).
ОСМС-де жұмыс берушілерді аудару мөлшерлемесі 2018-2019 жылдары төленетің жалақынан 1,5%, 2020 жылдан бастап - 2% құрайды.
Еңбек заңнамасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 188, тел. 50-04-86, 24-23-76, ресми сайт - enbek-bko.gov.kz) хабарласуыңыз қажет.
Егерде, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлемдер уақтылы немесе мүлдем жүргізілмеген жағдайда, Сіз аудандық (қалалық) мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуыңыз қажет.
Батыс Қазақстан облысы,
_________________ ауданы,
_________________ ауылы,
__________________ көшесі
_______________________
ХАБАРЛАМА
Құрметті ____________________________!
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 86-бабына сәйкес жұмыс берушінің адамдарды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі 60-дан 300 айлық есептiк көрсеткiш (2018 жылы АЕК - 2405) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Егер жұмыс беруші Сізді жұмысқа алып, бірақ Сізбен еңбек шартын жасаспаса, Сіздің еңбегіңіз іс жүзінде заңсыз болып табылады және соның салдарынан төмендегідей проблемалар туындауы мүмкін:
- жалақының мөлшері тұрақты болмайды, ол жұмыс берушінің еркіне қарай азаюы мүмкін (еңбек шартында еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттар міндетті түрде қарастырылады);
- Сіздің еңбек кітапшаңызға осы жұмыс кезіндегі жазбалар жүргізілмейді;
- жұмыс беруші сіз үшін Зейнетақы қорына жарналар төлемейді, бұл алдағы уақытта зейнетақының мөлшеріне кері әсерін тигізеді;
- жұмыссыздық жағдайында жұмыстың ресімделмеген кезеңі сақтандыру өтіліне есептелмейді, бұл жұмыссыздық бойынша төленетін көмек мөлшері мен төлеміне әсер етеді;
- ауырған жағдайда, Сіз еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлем ала алмайсыз;
- өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда, кәсіптік жарақат алғанда Сіз сақтандыру төлемдерін алу кепілдігін жоғалтасыз;
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар жүргізілмейді;
- және тағы басқалары.
Сіз жұмыс берушілердің заңсыз әрекеттерімен келісе отырып, өзіңізді конституциялық қорғалудан автоматты түрде айыратыныңызды түсінуіңіз қажет. Өзіңізді және қарттық шағыңызды қорғаңыз – жұмыс жасап, заңды түрде жалақы алыңыз!
Еңбек шартын жасаспау фактілері орын алған жағдайда, Сіз БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 188, тел. 50-04-86, 24-23-76, ресми сайт - enbek-bko.gov.kz), мәртебені анықтау және түсіндірме алу мақсатында ауылдық округ әкіміне немесе жұмыспен қамту орталығына ( Бөрлі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, Ақсай қаласы, Абай даңғылы 3/1, тел. 41243,28434) хабарласуыңыз қажет.
Егерде, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлемдер уақтылы немесе мүлдем жүргізілмеген жағдайда, Сіз Бөрлі аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына (тел: 30-1-41, мекен-жайы Ақсай қаласы, 2микр. 7/1 үй) хабарласуыңыз қажет.
Құрметпен, Бөрлі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы