2021 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі жөніндегі есеп
Әлеуметтік жобаның атауы |
Өнім берушінің атауы |
Шарт сомасы (мың теңге) |
Мақсаттары мен міндеттері |
Жобаны іске асыру кезеңі |
Әлеуметтік жобаны орындау процесі және өткізілген іс-шаралар |
Нәтижелері (қойылған мақсаттарға қандай деңгейде қол жеткізуге болады) |
Жобаның бағалау (орташа бағасы) |
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету |
"Жас Дарын" қоғамдық қоры |
|
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету |
Қаңтар-желтоқсан 2021 жылы |
Ақсай қаласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылды. 2021 жылдың ішінде 35 адам, оның ішінде 13 әйел,2 ер, 20 бала орталыққа қабылданды. Кәсібі мамандар (психолог, заңгер, әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкер) қызмет алушыларға әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, медициналық қызметтерді көрсетеді. Екі адамға жеке басты куәландыратын құжат қайта жасалды, 1 адам хирургиялық жәрдем көрсету үшін медициналық мекемеге орналастырылды. |
Мақсаттарға қол жеткізілді |
Өте жақсы |
Мүгедек балаларға жартылай стационар жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету |
"Жас Дарын" қоғамдық қоры |
4 601,0 |
Мүгедек балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету |
Қаңтар-желтоқсан 2021 жылы |
Жартылай стационар аудандық ауруханада оңалту кабинетінде орналасқан. Қажетті модульдармен, дамыту, дидактикалық құрал-жабдықтармен қамтылған. Арнаулы әлеуметтік қызметтермен 8 бала қамтылып отыр. Қызметтерді логопед, психолог, әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкер көрсетеді. |
Мақсаттарға қол жеткізілді |
Өте жақсы |
Бөрлі ауданында мүмкіндігі шектеулі және қиын өмірлік жағдайларына тап болған балалардың шығармашылығын жүзеге асыру және әлеуметтендіру |
"Жас Дарын" қоғамдық қоры |
1 700,0 |
Мүмкіндігі шектеулі балаларды және аз қамтылған отбасылардың балаларын шығармашылықпен айналыса отыратын қолайлы ортаға бейімдеу; шығармашылықпен жұмыстану барысында балалардың мінез- құлқын және айналамен қарым-қатынасын түзеу, балалардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктерді жасау.
|
Қырқүйек-желтоқсан 2021 жылы |
Нысаналы топтағы балаларға Ақсай қаласында, Қанай ауылында шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылды. "Быстрее ВышеСильнее", "Дети Казахстана выбирают ЗОЖ" атты спорттық шаралар өткізілді. Балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Отбасы күніне, Тұңғыш Президент күніне, Тәуелсіздік күніне, Жаңа жыл мерекесіне орай шаралар ұйымдастырылды. Аз қамтылған отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетілді. |
Мақсаттарға қол жеткізілді |
Өте жақсы |
Инватакси қызметін көрсету |
«Көру мүшесі зақымдалған мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Орал» қорпоративтік қоры |
6 765,4 |
Көзі нашар көретін 1 топ мүгедектеріне, тірек - қимыл аппаратының қозғалысы қиын мүгедек балаларына «Инватакси» тасымалдау қызметін көрсету |
Қаңтар-желтоқсан 2021 жылы |
Инватакси қызметін 33 мүгедек пайдаланады. Диспетчерлік пункт, 2 автокөлік қызмет етуде. |
Мақсаттарға қол жеткізілді |
Өте жақсы |
Бөрлі ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау |
"Қазақстан жастар фракциясы" қоғамдық қоры |
3 848,0 |
Мүгедектерді қоғамға бірігу; мүгедектерге шығармашылықпен, спортпен, қоғамдық қызметпен айналысуға тең мүмкіншілік жасау; -өмірлік қиын жағдайда әлеуметтік қолдау көрсету.
|
Қаңтар-желтоқсан 2021 жылы |
"Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" тақырыбында вебинар өткізілді, 14 адам қатысты. Мүгедектігі бар адамдар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Табиғатқа шығу ұйымдастырылды. Мүгедектігі бар адамдарға материалдық көмек көрсетілді. Спорттық шаралар және шығармашылық конкурс өткізілді. |
Мақсаттарға қол жеткізілді |
Қанағаттанар лық |
Бөрлі ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы |
"Жас Қанат" жастар қоғамдық бірлестігі |
5 795,2 |
Аға буын азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мәдениет-демалыс, спорттық жүйелі жұмысы үшін жағдайларды жасау, адам саны 30 адамнан кем емес.
|
Қазан-желтоқсан 2021 жылы |
Ұзақ өмір сүру орталығы ашылды.Егде жастағы адамдар үшін тіл курстары, компьютерлік сауаттылық курсы, емдік дене шынықтыру, көніл көтеру шаралар ұйымдастырылды. Орал қаласына, Сырым ауданына, Шыңғырлау ауданына топсеруендер ұйымдастырылды. Ұрпақтардың сабақтастығы мақсатында егде жастағы адамдардың жасөспірімдермен кездесу ұйыдастырылды. Аудандық терапевт дәрігермен аурудың алдын алу тақырыбы бойынша кездесу өткізілді. Тұңғыш Президент күніне флешмоб ұйымдастырылды. |
Мақсаттарға қол жеткізілді |
Өте жақсы |