Әлеуметтік көмек.
Әлеуметтік көмекпен 3329 адам қамтылды, жалпы сомасы 105 688,1 мың теңге. 460 мүгедек адам қажетті техникалық компенсаторлық құралдармен және арнаулы қызметтермен қамтылды, барлығы 55 768,1 мың теңгеге.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін республикалық бюджеттен 42 256,0 мың теңге бөлінді. АӘК 197 отбасына (805 адамға) 42 255,9 мың теңге көлемінде төленді.
Тұрғын үй көмегін көрсету үшін 3 440,0 мың теңге бөлінді. Тұрғын үй көмегі 174 отбасына 3 439,6,0 мың теңге төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге 58 078,0 мың теңге бөлінді. Жыл басынан 2319 адамға әр түрлі әлеуметтік көмек 58 074,3 мың теңгеге төленді.
Үйден оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін 1 919,0 мың теңге бөлінді. Материалдық көмек 31 мүгедек балаға 1 918,4 мың теңге көлемінде төленді.
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету үшін 7 587,0 мың теңге бөлінді. Материалдық көмектін мөлшері 9,0 мың теңге. Әлеуметтік көмек 843 адамға төленді.
Мүгедектерді арнаулы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін 23 675,6 мың тенгеге гигиеналык құралдар сатып алынды. 109 адам қамтылды.
Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес 2018 жылдың өткен кезенінде 57 адам Ақжайық шипажайында санаторлы-курорттық ем алуға жолданды, 67 адам протез-ортопедиялық құралдармен, 57 адам сурдо, тифло құралдармен, кресло-арбамен 25 адам қамтылды.
Жыл басынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында 7 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Мүгедектерге жеке көмекшінің қызметін «Орал» корпоративтік қоры көрсетілді. Бөлінген қаражат көлемі 17 559,5 мың теңге, игерілгені -100%. 62 мүгедек осы қызметпен қамтылған.
Ымдау тілі маманының қызметін «Орал-Жайық» корпоративтік қорымен көрсетіледі. Бөлінген қаражат көлемі 4000,7 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 2 117,0 мың теңге. Ымдау тілі маманының қызметін 20 мүгедек алады, игерілгені 100%.
Мүгедектерге арналған Инватакси тасымалдау қызметін «Орал» корпоративтік қоры көрсетеді. Бөлінгені- 7 048,9 мың теңге. 7 048,9 мың теңге игерілді. Инватакси қызметімен 39 мүгедек қолданды.
Жартылай стационар жағдайында 10 мүмкіндігі шектеулі балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Қызмет көрсетуші «ЖасДарын» Қоғамдық Бірлестігі. Республикалық бюджеттен 3 481,0 мың теңге бөлінді, игерілгені- 3 481,0 мың теңге.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді 2018 жылдың сәуір айынан «Ықылас» Үкіметтік емес ұйымы бастады. Республикалық бюджеттен 6 670,4 мың теңге бөлінді. Игерілгені 100 %.
«Бөрлі ауданында мүмкіндігі шектеулі және қиын өмірлік жағдайларына тап болған балалардың шығармашылығын жүзеге асыру және әлеуметтендіру» әлеуметтік жобаны «ЖасДарын» ҚБ жүзеге асырды. Бөлінген қаражат көлемі-2 500,0 мың теңге. Игерілгені- 100 %.
«Бөрлі ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау» әлеуметтік жобаны «Сұнқар-Ақсай» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды. Бөлінгені- 3 500,0 мың теңге, игерілгені-100 %.
Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері 242 адамға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде, олардың ішінде 218 адам-қариялар, 16 мүгедек, 8 мүмкіндігі шектеулі бала.