«БҚО Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
0
Жұмыс берушілер үшін ақпарат

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2018"

республикалық конкурсына қатысыңыздар.

 

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдің барлық кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2018» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

 

Конкурс мемлекет Басшысының бастамасы бойынша 2008 жылдан бері өткізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы     № 523 Жарлығымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі


"Парыз" конкурсын өткізудің ережелері» бекітілді. Бұл конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады. Конкурсқа катысуға:

 

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

 

2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

 

3)Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

 

4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

 

5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

 

6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

 

Үміткерлерге конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Конкурс екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық деңгейде. Үміткерлердің өтінімдері жергілікті уәкілетті орган қағаз және электронды тасығышта қабылдайды. Өтінімдерді қарастыру облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақтық комиссиясының қорытындысы бойынша құжаттар республикалық комиссиясына жолданылады.

 

Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:

 

"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

 

Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

 

"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".

 

Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

 

"Үздік ұжымдық шарт".

 

Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

 

"Экологияға қосқан үлесі үшін".

 

Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

 

Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

 

Конкурсқа катысу үшін үміткерлер материалдарды екі данада жолдайды:

 

1) өтінім;

 

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

 

Үміткердің есебінде:

 

заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

 

ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

 

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

 

4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі 1 қыркүйегіне дейін.

 

Конкурс туралы толық ақпаратты www.enbek.gov.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтынан, немесе Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде: Ақсай қаласы, Абай даңғылы,3/1 үй, 103 бөлме, байланыс телефоны 41-2-40, 41-2-41; эл. мекенжайы:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

№ исх: 2068   от: 02.04.2018
№ вх: 700   от: 02.04.2018

Хабарлама
(Жұмыс берушінің жұмыскерлермен еңбек шартын жасау және жұмысшыларға әлеуметтік және салық төлемдерін аудару міндеттері бойынша)

Жұмыс берушінің жұмыскерлермен еңбек шартын жасау кезіндегі міндеттері.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші:

  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
  • жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.

Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.

Жұмыс берушінің азаматтарды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберугені үшін әкімшілік жауапкершілігі:
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің                     86 бабы 1 тармағы:
- лауазымды адамдарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл (72150 теңге);
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 60 АЕК мөлшерінде (144300 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде (240500 теңге);
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 150 АЕК мөлшерінде (360750 теңге);
86 баптың 2 тармағы: Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік):

- лауазымды адамдарға 60 АЕК мөлшерінде айыппұл (144300 теңге);
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 80 АЕК мөлшерінде (192400 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде (240500 теңге);
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 200 АЕК мөлшерінде (481000 теңге);

Жұмыс берушінің ай сайынғы әлеуметтік және салық төлемдерін аудару кезіндегі міндеттері:
№1 мысал: жұмыскердің 30 000 теңге айлық ақы кезінде:

  • Айсайынғы міндетті зейнетақы жарналары (10%) 3000 теңге;
  • Әлеуметтік аударымдар 1050 теңге;
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары - (1,5%) 450 теңге;
  • Жеке табыс салығы – 0 теңге.

№2 мысал: жұмыскердің 40 000 теңге айлық ақы кезінде:

  • Айсайынғы міндетті зейнетақы жарналары (10%) 4000 теңге;
  • Әлеуметтік аударымдар 1400 теңге;
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары - (1,5%) 600 теңге;
  • Жеке табыс салығы – 772 теңге.

№3 мысал: жұмыскердің 50 000 теңге айлық ақы кезінде:

  • Айсайынғы міндетті зейнетақы жарналары (10%) 5000 теңге;
  • Әлеуметтік аударымдар 1575 теңге;
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары - (1,5%) 750 теңге;
  • Жеке табыс салығы – 1672 теңге.

Қызметкерлерге міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу, аудару және есептеу тәртібі:
Жұмыс беруші қызметкерлерге төленетін айсайынғы табысынан міндетті зейнетақы жарналарын есептеп ұстап қалады және БЖЗҚ табысын төлеу айынан кейінгі айдың 25 – нен кешіктірмей аударылады.
Міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері алатын табысының 10 пайызын құрайды, ал ең төменгі жалақы мөлшерінің кемінде 10 пайызы (28284 теңге * 10% 2828 теңге).

Міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған, уақытылы және (немесе) толық есептемегені үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 91-бабы 5-тармағының 5-тармақшасында ескерту қарастырылған. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар үшiн - аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының жиырма пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қызметкерлерге әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару тәртібі.
Жұмыс берушілер орындаған жұмыстары, көрсеткен қызметтерi үшiн қызметкерге табыс түрiнде төленетiн оның шығыстарынан айсайын есепті айдын 25 күннен кейінгі кешіктірмей 3,5% мөлшерінде әлеуметтiк аударымдарды төлейді.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 92 бабы 2 тармағы 2 тармақшысына сәйкес әлеуметтiк аударымдарды төлемеу (аудармау), уақтылы және (немесе) толық төлемеу (аудармау) ескерту көрсетілген.
Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер:
- жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы (МӘМС). ОСМС-де жұмыс берушілерді аудару мөлшерлемесі 2018-2019 жылдары төленетің жалақынан 1,5%, 2020 жылдан бастап - 2% құрайды.

Еңбек заңнамасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 188, тел. 50-04-86, 24-23-76, ресми сайт - enbek-bko.gov.kz) хабарласуыңыз қажет.
Егерде, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлемдер уақтылы немесе мүлдем жүргізілмеген жағдайда, Сіз аудандық (қалалық) мемлекеттік кірістер басқармасына  хабарласуыңыз қажет.